Мүгедек жандардың баспаналы болу мәселесі қаралды

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Парламент Мәжілісінде мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға үй кезегіне тұру құқығы қозғалды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің айтуынша бұл норма 20 мыңнан астам отбасын қамтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Құжатта мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді. Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін баспана алуы мүмкін болмаса, онда мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасының тұрғын үй кезегін сақтауына мүмкіндік береді", — деді Серік Шәпкенов.

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров