Қазақстан «сары» аймаққа өтті

Express Qazaqstan

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысына берген есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Экспресс К» Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, халықты вакциналау, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы есеп берілді.

Премьер-Министрдің айтуынша, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған. Қазақстан COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті. Вирустың жұғу индексі — 0,94. Жұқпалы аурулар бөлімшелері — 33 пайызға, жан сақтау бөлімшелері — 25 пайызға толған. Вакциналау қарқыны артып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 3 миллион адамға екпе салынып, оның 2 миллионы вакцинаның бірінші компонентін алған. 1 миллионға жуық адамға екпенің екінші компоненті салынды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров