Мемлекеттік қызметшілер саны кезең-кезеңімен қысқарады

Express Qazaqstan

pulscen.ru

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминге мемлекеттік қызметшілердің санын кезең-кезеңімен қысқартуды тапсырды. Бұл туралы «Экспресс К» «Ақордаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Президенті мемлекеттік қызметшілердің санын кезең-кезеңімен қысқарту және мемлекеттік аппараттың ұйымдық құрылымын оңтайландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды. Президент құрылымды қайта өзгерту нәтижесінде үнемделген қаржыны еңбекақы көлемін арттыруға бағыттау маңызды деп санайды.

Бұдан бөлек кездесуде сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуды ұлғайту, шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру, қайта өңдеу секторының өсімі мен дамуы есебінен экономиканың құрылымын одан әрі әртараптандыру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басқа да өзекті мәселелер жөнінде қабылданған шаралар қарастырылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров