Елордада ірі өрт сөндірілді


ТЖД
Нұр-Сұлтанда ғимараттың төбесінде болған ірі өрт сөндірілді. Бұл туралы «Экспресс К» қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Сағат 13.13-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бөлімшесіне Жангелдин көшесі, 38/3 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер жеткенде ғимараттың шатыры, алдын ала мәлімет бойынша жапсарлас салынған жалдамалы бірнеше баспана мен кеңсенің жанып жатқаны анықталды", — деп хабарлады ТЖД.


ТЖД
Өрт сөндіру орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің 22 қызметкері мен бес техникасы жұмылдырылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.