Жамбыл облысы

Сынама салынуы тиіс маймылдар жолда сытылып кеткен(видео)

Экспресс К

© Айнаш ӨНДІРІС

Сочидегі Приментология Ғылыми зерттеу институтынан, Жамбыл облысы Отар елді мекеніндегі Биологиялық қауіпсіздік ғылыми зерттеу инстиутына жеткізілуі тиіс 5-6 маймыл, жолда қашып кеткен. Бұл туралы осы институттың ғылыми қызметкері айтып берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Tengrinews тілшісінің жазуынша маймылдарды институтқа QazVak вакцинасына сынақ жүргізуге әкеле жатқан. Жол-жөнекей көлік бұзылып, доңғалағын ауыстыруға тура келген. Сол кезде маймылдар арнайы тордан ебін тауып сытылып кетіпті. Бұл түн мезгілінде болса керек. Екі күндік іздеу әрекеті еш нөтиже бермеген.

© Айнаш ӨНДІРІС© Айнаш ӨНДІРІС
© Айнаш ӨНДІРІС

Алайда, бұл күнде институтта әкелінген олардан басқа макалаларға сынақ жасалған. Ғалымдардың айтуынша, алғашқы сынақ жасалған маймылдарға қазір 9 айдай болды. Нәтижесі жаман емес. Бойында иммунитет қалыптасқан. Денсаулықтарына да ешқандай кері әсері болмаған.

Сынақтарға бұлардан басқа күзендер мен сириялық алақоржындарды пайдалану жоспарланып отыр. Оларда дайын вакцинаның иммуногенділігі, яғни тиімділігі тексеріледі.

© Айнаш ӨНДІРІС© Айнаш ӨНДІРІС
© Айнаш ӨНДІРІС

Сонымен қатар, қазіргі уақытта QazVac-тың клиникалық зерттеулерінің үшінші кезеңі өтуде. Оған елімізде 3000 ерікті қатысуда. Ол маусымның соңында аяқталмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров