Димаш халықаралық байқауға қазылық етеді

Express Qazaqstan

facebook.com / Aktoty.raiymkulova

Биыл шілде айының 15 мен 18-і аралығында өтетін «Славян базары» XXX халықаралық өнер фестивалінде жерлесіміз, талантты әнші Димаш Қүдайберген қазылық жасайды, деп хабарлайды «Экспресс К» тілшісі.

Бұл туралы еліміздің Мәдениет және Спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өзінің Faceebook парақшасында жазды.

"Қайырлы күн, достар! Бүгін 15-18 шілде аралығында Витебскіде өтетін "Славян базары" XXX халықаралық өнер фестивалінде өнер көрсететін отандасымыз Рухия Байдүкенованы қабылдадым. Байқауға дайындық барысы жайлы тыңғылықты айтып берген дарынды əншіге сəттілік пен шығармашылық шабыт тілеймін. Айта кетейін, Ересектер мен балалар арасында өтетін байқаудың қазылар алқасы қатарында еліміздің мақтанышы, танымал əнші Димаш Құдайберген де бар."- деді министр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров