Теміртау

Теміртауда екі жұмысшы балқыған темірге күйіп қалды

Диас АЛТАЙ

kursiv.kz

Темрітауда металлургиялық комбинатта екі жұмысшы балқыған темірге оңбай күйіп қалды, деп хабарлайды «Экспресс К».

Апат конверторлы цехтегі балқыған шойынды тасымалдайтын кранның маңында болған. Кенеттен ыстық шойыны бар астау құлап, балқыған темір екі адамның үстіне құйылып кеткен. Екеуі де сол кранның машинистері. 27 жастағы жұмысшының денесінің 35 пайызы күй шалса, 37 жастағы азаматқа балқып тұрған шойын бастан аяқ төгілген. Оның денесінің 70 пайызы күйген. Дәрігерлер екеуінің де жағдайы ауыр деп отыр.

-"Олар алдымен Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізілген. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін облыс орталығына жеткізу шешімі қабылданды. Өйткені екеуінің де жағдайы тұрақты түрде ауыр. Барлық ем шараларды жасап, отаға дайындап жатырмыз"-дейді Х. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия ауруханасы ахуал орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров