Bek Air ұшқыштары әуе апатынан бірер минут бұрын не туралы сөйлескен?

Express Qazaqstan

© Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Журналистер Bek Air компаниясы ұшақ апатының ісі бойынша құпия материалдарды қолға түсірді.

Ұшақ құлаған сәтте кабинадағы жазба. Екінші ұшқыштан жауап алудың толық аудиожазбасы. (Мейіржан Молдақұлов ұшақ апатынан аман қалды, алайда арада бір ай өткен соң қайтыс болды. Ресми түрде "жарақаттанудан немесе басқа қылмыстық факторлардан емес" деп көрсетілген)

Министр Атамқұловқа тергеу кезінде жауапты болған Қанат Түсіпбековтен хат. (кейін авиациялық оқиғаларды тергеу бөлімінің бастығы отставкаға кетті. Ресми түрде — өз қалауы бойынша) Сондай-ақ, ұшақ құлаған жердегі топырақты зерттеген сот-химиялық сараптамалардың қорытындысы және 2018 жылдың қазан айында Алматы халықаралық әуежайын тексеру актісі. Осы және басқа да материалдар оқиғаны зерттеу жұмыстарын жүргізген Silk Road мультимедиялық агенттігі журналистерінің көмегімен жарияланды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров