Байқоңырдағы «Боран» ғарыш кемесінде жазулар пайда болды

Express Qazaqstan

instagram.com / oldschool_boy80

Байқоңырдағы құрастыру-жанармай құю кешеніне көше суретшілері кіріп, аяқталмай қалған «Боран» ғарыш тасымалдағышына граффити жазып кеткен, деп хабарлайды «Экспресс К».

Кораблге "Сәлем!", "Юра, біз келдік, "Адамдар жұлдыздарға ұшудан бұрын жер бетінде өмір сүруді үйренуі керек"- деген жазбалар қалдырылған. Оның астына төрт адамның қолы қойылған.

Авторлардың бірі Instagram-да ғарыш айлағына қалай енгені туралы жазыпты.

Айтайын дегенім, мен Юра секілді бірінші болдым

дейді ол.

t.me / rian_ru
t.me / rian_ru

Онда фото мен бейнебаянды салғанымен өздерін көрсетпеген. Тек корабль мен ғимарат көрініп тұр. Суретшілер өздерінің түрлерін жасырған.

instagram.com / oldschool_boy80
instagram.com / oldschool_boy80

Бұл құрылысы 95%-ке аяқталған "Боран" ғарыш кемесі. Енді шамалы жұмыс жасалғанда ғарышқа ұшар еді. Сурет "Байқоңыр" ғарыш айлағы жанында Гагарин старт алаңынан бір шақырымдай жерде түсірілген. Адамның алғаш ғарышқа аттанған жері.

деп жазылған сурет астында.

instagram.com / oldschool_boy80
instagram.com / oldschool_boy80

Автордың айтуынша Байқоңырға жету үшін олар екі күн жазық даламен жүріп келген. Бір сөзінде олардың тобына жол көрсетіп жүрген адам болғанға ұқсайды.

Кез келген уақытта сені ол жақта қаптап жүрген көліктегі полиция патрулі ұстап алуы мүмкін. Сол үшін біз тек түнде жүріп отырдық

деп жазды.

ҚСРО-да жасалған бірнеше рет қолдануға арналған "Боран" орбиталық ғарыш кемесі 1988 жылы бір-ақ рет ұшырылды. Одан кейін Байқоңырда тұрды. 2002 жылы құрастыру-сынақ жасау корпусының шатыры қирағаннан кейін жойылған болатын.

Ал толық бітпеген екіншісі, ол осы күнге дейін ғарыш айлағында тұр. Өткен жылы Рогозин "Роскосмос" оны сатып алып, мұражайға өткізуге көмектесуге дайын деп мәлімдеген болатын. Бірақ ол сот істерінің айғағы ретінде әлі күнге дейін қалып отыр. Байқоңырда "Боранмен" бірге оның макеті де сақталып тұр.

Ал "Боранның" жасалып бітпеген үшінші көшірмесі Мәскеу түбіндегі "Жуковскіде" сақталған. Тағы бір макет ұзақ уақыт Байқоңырда ашық алаңда сақталып тұрды, кейіннен оны еліміздегі "Энергия" кешені мұражайына апарып қойды.

Жоғарыдағы жағдайдан кейін "Роскосмос" ресей-қазақстан үкіметаралық комиссия отырысында "Боран" макетін музейлердің біріне тапсыру мәселесін көтеруді көздеп отыр.

"90-жылдардың басынан бері қолданысқа енбеген "Байқоңыр" ғарыш айлағы нысандарына белгісіз адамдардың еркін келіп-кетуіне байланысты Ресей тарапы осындағы бірегей орындарды үкіметаралық қазақстан-ресей комиссиясының келесі отырысында талқылайды. Онда нысандарды сақтау қажеттігі туралы мәселе көтеріледі", — делінген хабарламада.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров