Жастар және отбасы саясаты маңызды

Express Qazaqstan

inform.kz

Жастарды қолдауға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар, жобалар мен бастамалар бойынша 11 миллион адамға кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды «Экспресс К».

Бүл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде халыққа есеп беру кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Қазіргі таңда жастар және отбасы саясаты бағытында 12 гранттық жоба орындалып жатыр.

деп түсіндірді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Министр жастар және отбасы саясаты маңызды бағыттың бірі екенін атап өтті.

Ресми статистика бойынша қазір елімізде 3 миллион 765 мың жастар өкілі бар. Бұл халықтың 20,4%-ын құрайды. Сонымен қатар 500-ден астам жастар ұйымы қызмет етеді.

Өкінішке қарай, былтырғы пандемиялық шектеулерге байланысты бірқатар жоба тоқтатылған болатын. Біразы онлайн форматқа ауыстырылды. Дегенмен негізгі жоспарлы жұмыс сақталып, 22 әлеуметтік жоба іске асты. Оның аясында 300 мыңнан астам адамды қамтыған 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды, — деді Аида Балаева.

Балаева осы кезеңдегі жұмыста негізінен ақпараттық-кеңес беруге басымдық берілетінін атап өтті.

Сондай-ақ биыл "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты түрлі саладағы талантты жастарды қолдауға арналған 30 гранттық жоба ұсыну жоспарланып отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров