Елімізде АЭС салынады

Express Qazaqstan

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасы жайлы үрейге бой алдыру орынсыз екенін, оның құрылысын асықпай бастау қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Президент электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды «Экспресс К» Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы атом энергетикасынан алдын ала бас тарту дұрыс емес, әрі мұндай пікір қате деген мамандардың ойын құптады.

Бүкіл дамыған әлем атом энергиясына иек артады. Бұл ретте үрейге бой алдыру орынсыз. Дегенмен, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын табанды түрде жүргізу қажет. Атом станцияларының құрылысын бастауға асықпаймыз, алайда бұл істі кейінге ысыруға да болмайды, — деді Президент.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров