Жол апаты болып, жаяу жүргінші қайтыс болды

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешітінің маңында жол апаты болып, жау жүргінші қайтыс болды.

"Shacman" маркалы жүк көлігі қиылыстан солға бұрылған кезде, "BMW" маркалы автокөлікпен соқтығысты. Жүк көлігінің жүргізушісі келе жатқан бағытын өзгертм деп оқыс әрекет еткенде, жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан 32 жастағы тұрғынды қағып кетті.

Қатты соққыдан әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Ал "BMW" автокөлігінің жүргізушісі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Жол — көлік оқиғасының негізгі себебі- жүргізушілердің менмендігі және жол қозғалысы ережелерін сақтамауы. Ереже сақтамаудың қауіптілігін біле отырып, салғырттыққа жол береді. Жүргізушілердің осындай әрекетінен жазықсыз адамдар жапа шегеді — дейді облыстық полиция департаменті қызметкерлері. Олар жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, көлік тізгінінде қырағы болуға шақырды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров