"Қалаулым" мен "Қосылайық" жабыла ма?

Express Qazaqstan

Ұнамайды деп жабатын заң жоқ. Министр "Қалаулым" мен "Қосылайық" бағдарламасына қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды «Экспресс К»

Министрдің онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде осы мәселеге қатысты сұрақ қойылды.

Аида Балаева, бұл мәселе айта-айта жауыр болғанын. Десе де, ақпарат министрлігінің кез-келген бағдарламаны ұнамаса, жауып тастауға құзіреті жоқ екенін ескертті.

"Бұл бағдарламалар барлығы жекеменшік бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетіледі. Бірақ қоғамнан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты өз ұсыныстарымызды бердік. Жалпы, мұндай бағдарламалар рейтингке байланысты шығады. Енді, қоғамның бір бөлігі наразылық білдірсе, екінші бөлігі соны қарайды", — деді Балаева.

Министрдің айтуынша, сұраныс болса, БАҚ-тың иесі ол бағдарламаны ешқашан жаппайды.

"Сондықтан бәріміз жұмылып, халықтың мәдениетін, талғамын көтеруіміз керек. Егер осы мәселелер дұрыс жолға қойылса, халық ақ пен қараны ажырата білсе, сонда ғана ондай бағдарламалардың рейтингі төмендейді. Одан кейін жабылады", — деді Балаева.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларды республикалық арналардан алып тастауға тапсырма бергенін айта кету керек. Сол кезде көпшілік әлеуметті

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров