ӘЧ: Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Германияны жеңді

Express Qazaqstan

©️ Ольга БУГАЕВА

Қазақстан хоккейшілері қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті.

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталы дивизионында Қазақстан құрамасы Германиямен кездесті, деп хабарлайды "Экспресс К" ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Еске салсақ, неміс хоккейшілері биылғы турнирде жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Турнир кестесінде қатарынан үш мәрте жеңіске жетіп, тоғыз ұпаймен көш басында тұр.

©️ Ольга БУГАЕВА
©️ Ольга БУГАЕВА

Сондықтан қазақстандық хоккейшілер үшін бүгінгі кездесу оңайға соқпайтыны анық еді.

Есепті алғашқы болып қазақстандық Алексей Шин 26-минутта ашты. Одан кейін 29-минутта неміс хоккейшісі Том Кюнхакль таразы басын теңестірді.

Ал 29-минутта тағы бір неміс хоккейшісі Маркус Айзеншмид мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды. Үшінші кезеңнің 41-минутында қазақстандық Роман Старченко қарсыластар қақпасына белгіленген буллиттен мүлт кеткен жоқ.

©️ Ольга БУГАЕВА
©️ Ольга БУГАЕВА

Ойынның 55-минутында Павел Акользин қазақстандық құраманы алға шығарды. Осылайша біздің хоккейшілер қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті.

Енді Қазақстан құрамасы 28 мамырда Канадамен кездессе, Германия 29 мамырда Финляндиямен мұз айдынына шығады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров