COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 380160, ЖАЗЫЛҒАНДАР 345984 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 3879


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 849 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады бейсенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір тәулік бұрын республикада COVID-19 оң ПТР-мен 1 мың 739 жағдай анықталды.
Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 380 мың 160 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 297,
Алматы қаласында — 290,
Шымкент қаласында — 91,
Ақмола облысында — 129,
Ақтөбе облысында — 64,
Алматы облысында — 90,
Атырау облысында — 75,
Шығыс Қазақстан облысында — 80,
Жамбыл облысында — 32,
Батыс Қазақстан облысында — 98,
Қарағанды облысында — 320,
Қостанай облысында — 41,
Қызылорда облысында — 21,
Маңғыстау облысында — 47,
Павлодар облысында — 97,
Солтүстік Қазақстан облысында — 38,
Түркістан облысында — 39.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 345 мың 984 адам қалпына келді, оның ішінде соңғы тәулікте 2 мың 196 адам.
Бөлісу