Гүлнұр Ыбырай қола жүлде жеңіп алды

Express Qazaqstan

ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Гүлнұр Ыбырай ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды "Экспресс К" Olympic.kz –ке сілтеме жасап.

Жарыстың кезекті күнінде Гүлнұр Ыбырай қола жүлде жеңіп алды. Ол 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қоссайыс нәтижесінде 205 (90+115) келіні бағындырды.

Аталған салмақ дәрежесінде румыниялық Ралуки-Андреа Олару 214 келіні бағындып, жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынға 207 келіні бағындырған италиялық Джулила Мизерендино ие болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров