Дәретханаға түсіп кеткен балалар аман шықты

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі 

Түркістанда полицейлер тереңдігі 5 метрлік дәретханаға түсіп кеткен 3 және 10 жастағы балаларды аман алып шықты, деп хабарлайды "Экспресс К". Бұл туралы Рolisia.kz жазды.

Сарыағаш АПБ кезекшілігінің "102" нөміріне тұрғын хабарласып, екі баласының ауласындағы дәретханаға түсіп кеткенін айтып, көмек сұраған. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер дереу іске кіріскен. Себебі әжетханадағы нәжіс он жасар қыздың иығына дейін жеткен. Ал қыз жанындағы інісін батып кетпес үшін көтеріп тұрған.

Полицейлердің жедел әрі қырағы әрекетінің арқасында балалар аман қалды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров