Мыс қорыту зауытында өрт шықты

Экспресс К

ТЖД

ТЖМ таратқан ақпаратқа сай бүгін таңертең Жезқазған мыс қорыту зауытында, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-де өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

ТЖДТЖД
ТЖД

Бейсенбі күні "Қазақмыс" корпорациясының құрамына кіретін Жезқазған мыс қорыту зауытында өрт шықты, деп хабарлады "Экспресс К"

Балқыту цехында трансформатордың жанатын бөлшектері мен төгілген май шамамен 100 шаршы метр алаңда жанған, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", — деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли бейсенбі күні. Оның айтуынша, қазіргі уақытта балқыту цехындағы өндірістік процесс уақытша тоқтатылған. Өртті Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 39 адам және 10 бірлік техника сөндіруде.

"Қазақмыс" зауыт қызметкерлері эвакуацияланды, салдарын оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Қазақмыс" — Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші. Компания құрамында — 10 кеніш, бес тау-кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі бар. "Қазақмыс" кен өндіруді және оны тауарлық металға қайта өңдеуді жүргізетін өндірістік нысандарды басқарады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров