Квазимемлекеттік сектордың сатып алу жүйесіне қатысты заң қабылданды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Әзірленген заң жобасы «Самұрық-Қазына» қорының және өзге де ұлттық холдингтер мен компаниялардың сатып алу жүйесін ретке келтіреді.

Парламент Сенатының жалпы отырысында "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы" Заңы мен оған ілеспе құжат қабылданды. Отырыс барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев заңның артықшылықтары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды "Экспресс К".

"Осылайша, заң жобасы шамамен 3,4 трлн теңге сомасындағы 250-ден аса ұлттық компания мен олардың еншілес ұйымдарын бірге қамтитын болады. Бұл ретте мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің сатып алу жүйесі "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң бойынша жүргізіледі", — деді министр.

Әзірленген заң жобасы 19 баптан тұрады.

Заң жобасы нені көздейді?

"Бірінші. Квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін заңның қолдану аясына, қағидаттарға, шектеулерге, тәсілдерге, бақылауға және шағымдануға қатысты базалық ережелер заң деңгейінде бекітіледі.

Екінші. Сатып алу процесін нақтылайтын нормаларды ережелер деңгейінде регламенттеуді ұсынамыз. "Самұрық-Қазына" қорының сатып алу ережесін бекітуді уәкілетті орган — Қаржы министрлігінің келісімі бойынша қордың қарамағына қалдыруды ұсынамыз. Бұл қор қызметінің ерекшелігі мен оның мәртебесіне, сондай-ақ инвестициялық тартымдылығын сақтауына байланысты жасалды", — дейді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров