Қазақстан

Елде қайтыс болған тұрғындар саны артқан

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Нақты айтар болса, 2020 жылдың бірінші тоқсанында 31.2 мың өлім дерегі тіркелсе, өкінішке орай осы жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 36.1 мың адамға өсіп отыр.

Елімізде өлім-жітім саны бойынша дерек жарияланды. Осы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 15.8 пайызға өскен-деп хабарлады Экспресс К. Finprom.kz.-келтірген дерекке сүйеніп.

"Бұл статистика өлім-жітімнің айтарлықтай өскенін көрсетеді"- дейді сарапшылар. 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті бір жыл бұрынғы 6,7-ден 7,71-ге жоғарылаған.

Қайтыс болғандар саны ең көп тіркелген өңір Шығыс Қазақстан облысы. Онда 3,9 мың адам өлімі тіркеліп отыр. Бұл бір жыл бұрынғы осы уақытпен салыстырғанда 18,2 пайызға көп. Алғашқы үштікке Алматы (3,7 мың адам) және Қарағанды (3,5 мың адам) облыстары кіреді. Ал, ең аз өлім-жітім Маңғыстау облысында тіркелген: 773 адам.

Сондай-ақ өлімнің ең көп себепкері қан айналымы жүйесі аурулары екені анықталып отыр. Одан 9 мыңға жуық адам қайтыс болған. Ол бір жыл бұрынғыға қарағанда 21,7 пайызға артық. Оның ішінде жүректің ишемиялық ауруынан 3,2 мың адам, мидың қан тамырлары зақымдануынан 3,1 мың адам, гипертониялық аурудан 234 адам қайтыс болды.

Алайда, кейбір дерт түрлерінен қаза болу көрсеткіштері едәуір азайған. Мәселен, тыныс алу органдарындағы ауруларға байланысты 3,6 мың адам қайтыс болғанымен, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3 пайызға аз.

Тағы 3,4 мың адам қатерлі ісіктен қайтыс болған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 6,2 пайызға төмен. Бұған дейін жылдың бірінші тоқсанында өлім-жітімнің ең көп өсуі 2016 жылы байқалған екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров