Қостанай облысы

Мемлекеттік орган құс фабрикасына 200 млн тенге төлейтін болды

Экспресс К

Өтемақы төлеуден заңсыз бас тартқан. Сот құс фабрикасының пайдасына шешілді.

Қостанай облыстық сот алқасы құс фабрикасында жоғары патогенді тұмау басталғаннан кейін толық өтемақы ала алмауына байланысты үкім шығарды, деп хабарлайды "Экпресс К".

Өткен жылдың қыркүйек айында құс фабрикасы айтарлықтай шығынға батқан еді. Құстары қырылып, сатылымға шығарып үлгермеген 2 млн жұмыртқа жойылды. Ереже бойынша карантин ошағындағы құс та, өнім де жойылады, ал мемлекет оның құнын өтеп беруі тиіс. Бірақ "Агроинтерптица" ЖШС төлемді толық көлемде ала алмаған. Кәсіпорынға тек 433 мың теңге өтемақы берілген, ал 69 мың құс басы мен 2 млн жұмыртқаға берілетін өтемақы құжаттарын тиесілі орган кешіктірген.

Серіктестік АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті мен оның облыстық бөлімшесінің, сондай-ақ Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ пен оның филиалының іс-әрекеттерін заңсыз деп санап, сотқа жүгінді.

Сот кәсіпорын пайдасына шешілді. Мемлекеттік орган келтірілген шығындар үшін өтемақы ретінде бұрын алынған 455,9 млн теңгеге қосымша тағы 195,8 млн теңге төленуі тиіс.

Біз көмек сұраған жоқпыз. Тек мемлекеттік органдар ережелерді орындап, міндетті әрекеттерді жасауы керек еді. Кәсіпкерлердің құқығы қорғалып, заңды мерзімі өткен өтемақы төленеді деп үміттенеміз.

дейді құс фабрикасының өкілі Индира Сәденова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров