Балалардың суға кету жағдайы көбейіп тұр

Экспресс К

Қызылордада 14 жастағы бала суға батып кетті, - деп хабарлайды "Экспресс К".

Қайғылы оқиға кеше кешкісін болған. 14 жастағы жасөспірім қала маңындағы "Сталин" каналына шомылуға барған. Ол жерде суға шомылуға рұқсат етілмеген.

Құтқарушылар қайтыс болған баланың денесін аз уақытта алып шықты.

Ал екі күн бұрын көпірден құлап, суға ағып кеткен 8 жасар баланың денесі әлі іздестірілуде.

Қалаға қарасты Қарауылтөбе су торабы маңынағы көпірдің ортасы тесік болған. Үстінен өтіп бара жатқан балақай сол тесіктен құлап кеткен. Мамандар бұл өткелден жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынғанын айтады. Әйтсе де су торабының арғы бетінде орналасқан он шақты үй тұрғындары осы көпірмен өтетін көрінеді.

— Ол жолаушы өтуге арналған көпір емес, су деңгейін өлшегіш гидрокөпірше. Бірақ оны жан-жағынан қоршап қоюға құқымыз жоқ, қоршай алмаймыз.

дейді "ҚызылордаСУШАР" өндірістік учаскесіндегілер.

Қазір балақайды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Еріктілер жағалауды шолып шықса, құтқарушылар суды сүзіп жүр.

— Оқиға кеше кешкілік болған. Сонан бері іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Таңғы сағат 5.40-тан бастап іздестіру жұмыстары қайта жалғасты. ТЖД- дан 67 қызметкер, 7 техника, 3 сүңгуір жұмылдырылуда7

дейді облыстық ТЖД.

Мамандар биыл балалардың суға кету жағдайының көп екенін айтып, дабыл қағуда. Жыл басынан бері 13 адам суға кетсе, оның 8-і бала.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров