Қызылорда

Құрылыс материалдарын талан-таражға салған басшыға үкім шықты

Экспресс К

Қызылордада теміржол құрылыс материалдарын пайдакүнемдік мақсатта талан-таражға салған басшыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Экспресс К".

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті өндірісіндегі кезекті қылмыстық іс бойынша сот үкімін шықты. Мұндай келеңсіздікке "Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы" АҚ-ның Қазалы жол дистанциясының бөлімше бастығы бой алдырған. Ол теміржол құрылыс материалдарын пайдакүнемдік мақсатта иеліктен шығарып, талан-таражға салған. Салдарынан Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне 23 млн. теңге көлемінде залал келген.

Бұл жүргізілген аудиторлық тексеру кезінде анықталған.

рал аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексі 195 бабы, 4 бөлігі 2 тармағы бойынша үкім кесті. Онда алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде мүліктік залал келтіру жағдайы көрсетілген. Сотталушыға, материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан екі жылға айыра отырып, екі жыл бас бостандығынан шектеу жазасы және осы мерзімге пробациялық бақылау тағайындалды", — деп мәлімдеді облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.

Оған қоса зардап шегуші "Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Қызылорда магистральдық желі филиалының пайдасына 23 миллион 152 мың теңгені өз еркімен төлеу үшін сотталушыға 2 ай мерзім уақыт белгіленді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров