Қостанай облысы

Өндірісте гидроциклондар кең көлемде ауыстырылып жатыр

Экспресс К

ERG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-да кен дайындау және байыту цехы жаңғыртылып жатыр.

Кен дайындау және байыту цехы жаңғыртылып жатыр. Жобаның құны 322 млн теңге көлемінде. Гидроциклондар паркінің жаңаруы байыту учаскесі жұмысының сенімділігін арттырып, пайдалану шығындарын азайтуға сеп болады, деп хабарлайды "Экпресс К".

Гидроциклондар шарлы диірмендердегі ұсақталған кеннен өнімді бөліп алуға арналған. Технологиялық тізбек бойынша су мен жыныстың қоспасы — тұнба гидроциклондарға енеді. Онда шикізат екі түрге бөлінеді. Ірісі — шарлы диірменде қайта ұнтақтау үшін құмға түседі. Ұсақ өнім келесі байыту сатысы — ылғалды барабанды сепараторларға, одан кейін вакуум-сүзгілерге өтеді де дайын концентрат болып шығады. Бұл бөлшектеудің тиімділігі жабдықтың жағдайына байланысты.

Байыту учаскесінде 433 гидроциклон орнатылған. Олардың 35 пайызын ауыстырамыз, — деді ССКӨБ Өнеркәсіптік кешенінің концентрат шығару жөніндегі технологы Қасқабай Есмұханбетов.

Гидроциклондарды ауыстыру жыл сайын жүргізіледі, алайда осы жолы жетілдірілген қондырғыларды орнатпақпыз. Қазіргі таңда көптеген фабрикаларда астары жаңа материалмен қапталған гидроциклондар қолданылады. Біз алдын ала сынақтар жасадық. Көптен бергі серіктесіміз украиналық "Жаңа технологиялар" өндірушісі жаңа гидроциклондарды ұсынды. Олардың астары 70% табиғи каучуктан тұратын резеңке бұйымнан жасалған. Бұл қызмет ету мерзімін ұзартуға және өзіндік құнын төмендетуге әсер етеді. Экологияға үлесі — тозғаннан кейін толықтай қайта өңделеді, -дейді Қасқабай Есмұханбетов.

Гидроциклондарды ауыстыру біртіндеп жүреді және технологиялық секциялардың жөндеу кестесіне байланысты болады. Бұл үрдіс фабрикалық кешен жұмысының қарқыны мен көлеміне әсер етпейді. Жөндеу кезінде резервтік жабдықтар іске қосылады. Қондырғыларды жаңарту қазан айында аяқталмақ. Осылайша, биыл ССКӨБ фабрикалық кешенінің байыту учаскесінде 131 жаңа гидроциклон орнатылады.

Анықтама үшін:

ССКӨБ — темір кендерін өндіру және байыту бойынша Қазақстандағы жетекші кәсіпорын.

Оның құрамына: Соколов, Сарыбай, Қашар және Қоржынкөл карьерлері, "Соколовская" шахтасы, Алексеев доломит кеніші, Кен дайындау және байыту, шекемтастарды өндіру фабрикалары, кен-теміржол және автомобиль көлігінің басқармалары, жылу электр орталығы, технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасы және басқа бөлімшелер мен цехтар кіреді.

Өндіріс қызметінің негізгі бағыттары: темір кендерін, доломитті, әктастарды, құрылыс қиыршықтастарын өндіру және өңдеу болып табылады. ССКӨБ-тің негізгі өнімі — қождандырылмаған темір кен шекемтастары мен темір кенді концентрат. Шикі кенді өндіру және өңдеудің жарты жылдық өнімділігі– 40 млн тонна.

Eurasian Resources Group (ERG) — табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров