Алматы

Індет жұқтыру көрсеткіші төмендеген

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматыдағы COVID-19 эмидемологиялық жағдайы тұрақталып келеді.

Өткен сәуір айында тәулігіне 700-ге дейін жағдай тіркелсе. Бұл көрсеткіш мамыр айында 290-300-ге дейін азайған. Бұл туралы бүгін қаладағы қазіргі эпидемологиялық жағдайға байланысты онлайн брифингте Алматының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды "Экспресс К"

Тіпті мамыр айының басындағы тәуліктік өсім ай соңына қарай үш есеге дейін төмендеп отыр.

Оның айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық жағдай әлі де мәз емес. Қала қызыл аймақта. Бірақ, бір қуантарлығы, айдың басындағы тәуліктік көрсеткіш 1,2% -болса, соңғы күндері 0,4% -ға яғни, 3 есеге азайды, ал сырқаттану деңгейі соңғы 7 күнде едәуір төмендеген.

Сонымен қатар Бас санитар халықты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау мен қатар жаппай вакцинация қабылдауға шақырды.

Сонда ғана барлық карантиндік шектеулерді алып тастауға болатынын да атап өтті.

Ол үшін халықтың кемі 70-75 пайызы індетке қарсы вакцинация қабылдау керек. Сонда ғана біз ұжымдық иммунитет қалыптастыра аламыз.

деді Бекшин мырза!

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров