Ақтөбеде 147 рет жол ережесін бұзған азамат елден қуылатын болды

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Ақтөбеде жол ережесін өрескел бұзған Өзбекстан азаматы елден қуылатын болды деп хабарлайды "Экспресс К".

Ықтиярхат арқылы осында тұрып жатқан ол айналдырған бес айда 147 рет жол ережесін бұзған.

Өзбекстан азаматы жылдамдықты асырып, Ақтөбенің көшелерінде жүйіткігенді жақсы көреді екен. Оның бұлайша еркінсігені "Ураган-Мираж" жүйесіне тіркеліпті. Сол арқылы осы күнге дейін 3 миллион 300 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Жол ережесін бұзудан аймақта рекорд орнатқан шетелдік соңғы рет бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай өткенде ұсталып, ісі әкімшілік сотқа жіберілген. Енді айыппұлды толық өндіріп, еліне еріксіз қайтарылатын болады.

-"Тоқтатқан кезде мойындаған жоқ, мен емес көлік тізгінінде болған деп. Бірақ біз құжаттарын тексеріп рөлде сол болғаны анықталды. Өзбекстан Республикасының азаматы. Ол сол машинаны айдап, 147 рет жылдамдық ережесін бұзған"-дейді Ақтөбе облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Кәрім Махутов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров