LRT құнынан үш есе арзан

Экспресс К

Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде Кенияда жүрген қазақстандық туристердің видеосы тарады. Онда жерлестеріміз Саваннадағы пілдер мен жирафтарға емес, ел астанасы Найробиде салынып жатқан LRT құрылысына таңдануда.

— Қараңыздар, қандай керемет салынған. Тіпті ұлттық парк ішінен өтетін тұсында аңдардың емін-еркін жүруіне бар мүмкіндік жасалған

деп таңырқап жатқаны анық естіледі видеодан.

Оның жалпы ұзындығы 27 шақырым екен, ал маршруттың бір бөлігі Найроби ұлттық паркі арқылы өтеді. Желінің құны 550 миллион долларға бағаланған. Бұл Нұр-Сұлтандағы осыған ұқсас жобадан үш есе арзан. Бір қызығы екі жоба да бір уақытта басталды, бірақ Кения халқы бұл құрылыстың жемісін жақын күндерде көрмек. Яғни, аяқталуға жақын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров