Қазақстан

38 қызды Бахрейнде жезөкшелікке мәжбүрлеген

Экспресс К

pixabay.com

Қылмыстық топ 38 қызды Бахрейнде жезөкшелікке мәжбүрлеген. Іс сотқа жолданды.

Осы айда сотқа халықаралық қылмыстық топтың ісі бағытталды, деп хабарлайды "Экспресс К"

Ұрлық, тонау мен бұзақылық 25 пайызға, қарақшылық 8 пайызға, мал ұрлығы 6 пайызға, адам өлтіру мен зорлау 5 пайызға азайды.

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев қылмыстық процестің жаңа форматы шеңберінде қылмыстық қудалау органдары мен прокурордың жұмысы туралы өткен брифингте айтты.

Көп жағдайда адам сату бойынша жезөкшелердің "притондары" назарға алынады. Шалғай шаруа қожалықтары да назарда ұсталады. Кейде қасқүнем адамдар өзге елге "көп табыс табасың" деп жастарды шақырады. Оның салдарынан олар өзге елде қақпанға түседі.

Осындай бір іс тіркелді. Осы айда сотқа халықаралық қылмыстық топтың ісі бағытталды. Олар 38 қызды Бахрейнге алдап алып кетіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген.

деді ол.

Оның айтуынша, жұмыс Үкіметтің іс-жоспары бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Тағы бір өзекті мәселе — нашақорлықпен күрес. Өткен кезеңде ондай қылмыс саны 11 пайызға өсті. Есірткі бизнесі бұрынғыдай емес. Тікелей тұтынушымен байланыс жоқ. Бизнес онлайн форматқа өтті.

деді Серік Шалабаев.

Айтуынша, осы орайда өткен жылы есірткі заттарын насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Алаяқтық та артып отыр. Интернет-алаяқтық 2,5 пайызға артып, 56 пайызды құрады.

Қазір халық сенгіш. Онлайн сатуды желіде жүзеге асыру көп болғандықтан, алаяқтар осы жолды пайдаланады. Осы орайда тұтынушылардың қауіпсіздігін қорғау туралы нұсқамалық пайда болды. Ол өз нәтижесін беріп жатыр.

деді ол.

Айта кетейік, елімізде қауіпті емес қылмыстарды жасаған адамдардың жазасы жеңілдетіліп жатыр.

"Мемлекет басшысының қылмыстың күрт өсуін болдырмау туралы нақты тапсырма берілген. Осы мақсатта кезең кезеңімен жаңа заңдар қабылданып жатыр. Рецидивистердің жауапкершілігі күшейтіліп, ал бірінші рет сүрініп, қауіпті емес қылмыстарды жасаған адамдардың жазасы жеңілдетіліп жатыр. Осындай шара өз жеңісін беріп жатыр. Қылмыс саны 5 пайызға төмендеді", — деді Шалабаев.

Оның айтуынша, ұрлық, тонау мен бұзақылық 25 пайызға төмендеді.

Қарақшылық 8 пайызға, мал ұрлығы 6 пайызға, адам өлтіру мен зорлау 5 пайызға азайды. Бірақ қандай да жағдай болмасын босаңсуға болмайды. Жұмыс жалғасып жатыр.

деді ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров