Қазақстан

Бір аптада 12 адам суға кетті

Экспресс К

ҚР ТЖД

Өткен аптада, яғни 17-23 мамыр күндері су айдындарында 12 адам, оның ішінде 2 бала суға батып, көз жұмды. Мұндай мәліметті ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов бөлісті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 38 адам, соның ішінде 4 бала құтқарылды. 53 адам, соның ішінде 26 бала суға батып қайтыс болды. Олар тыйым салынған орындарда шомылып, ересектердің назарынан тыс қалған.

дейді ведомство басшысы.

Ол өз сөзінде елімізде шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталатынын айта келе бұл талапты орындамайтындар көп екенін жеткізді.

"Өткен аптада 17-23 мамыр аралығында су айдындарында 12 адам, оның ішінде 2 бала суға батып қайтыс болды. Нақтырақ тоқталар болсақ, Батыс Қазақстанда 3 адам, Атырау облысында 2 адам, Маңғыстауда 2 адам, СҚО-да 2 адам, Ақмола облысында 1 адам, Түркістан облысында 1 адам және Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам суға кетті", — деді Бауыржан Сыздықов.

Қазіргі уақытта елімізде шомылуға рұқсат етілген 469 орын бар. Еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, практикалық және профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

ТЖМ құтқару бөлімшелері жұрт көп түсетін 125 орынды бақылайды, онда күн сайын 493 құтқарушы қызмет етеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров