Ақтөбе

Ақтөбеде ауруханадан өрт шықты

Экспресс К

ТЖД

Бүгін Ақтөбедегі теміржол ауруханасында өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетті. 34 адам мен 9 техника қызыл жалынды сөндіруге жұмылдырылды.

Ғимараттың 2 шаршы метр алаңында электр сымдары қысқа тұйықталып, лифт шахтасында қоқыс жанған. Жалын 10 сағат 41 минутта толық сөндірілді.

ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 150 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 30 медицина қызметкері, 103 науқас, 17 келуші бар.

ТЖДТЖД
ТЖД

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалу қажет.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров