Мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына уақытылы шығуы керек

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Толығымен мұғалімдердің 56 күндік еңбек демалысына шығуын қамтамасыз ету керек, деп хабарлайды "Экспресс К".

"Біздің барлық әріптесіміз — мұғалімдер уақытылы еңбек демалыстарына шығуы керек. Сол себепті барлық басшыларға осы мәселе бойынша тапсырманы тағы бір мәрте беремін", — деп тапсырма берді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педагогикалық кеңесте.

Сонымен қатар министр педкеңесте 2021-2022 оқу жылына дайындалатын нұсқаулық хатта пандемия жағдайының ерекшелігін ескеру қажеттігін айтты.

"Осы оқу жылында қашықтан оқығанды ескеру керек. Бала 6-сыныпқа аяқ басса, ештеңе болмағандай 6-сыныптың бағдарламасын өткізе бермеу керек. Нақты топтарды білім сапасы бойынша кемшіліктер болғанын ескерген жөн. Сондықтан бағдарламаны балаларға бейімдеу керек", — деді ол.

Министр Асхат Аймағамбетов әдістемелік құжатта аталған мәселелерді ескеруді тапсырды.

Еліміздің мектептерінде 26 мамырдан бастап жазғы мектептердің жұмысы басталғанын айта кету керек. Оған ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар қабылданды. Жазғы мектептер 19 маусымға дейін жалғасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров