Қазақстан

«Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағы көпшілікке таныстырылады

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

«Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» үш томдық ертең көпшілікке таныстырылады.

Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Президентіміздің тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері сөз болғандығын өзінің facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Экспресс К"

Оның айтуынша, республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және сайлау туралы заңға енгізілген түзетулер жайында сөз болған. Мемлекет басшысы бұл заңдарға таяуда қол қойғаны белгілі.

"Сонымен қатар Сенаттың квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды реттейтін заң қабылдағанын да баяндадым. Қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және басқа да заң жобалары Палата депутаттарының қарауында.

Одан бөлек, Президентке сенаторлардың бастамасымен дайындалып жатқан заң жобалары туралы ақпарат бердім. Жалпы осы сессия басталғалы бері сенаторлар 12 заң жобасына бастамашы болды. Оның 3-ін Парламент қабылдаса, 4-уі Сенат пен Мәжілістің қарауында. Тағы 5 заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленуде.

Қабылдау кезінде парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдердің заң шығарушы органдарымен байланыстарды нығайту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар да айтылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген "Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника" жинағы туралы ақпарат бердім. Аталған үш томдықта Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың қасіретті тарихын баяндайтын мыңнан астам архив құжаттары жинақталған. Жаңа еңбек ертең көпшілікке таныстырылады",-деп жазды Мәулен Әшібаев facebook-тегі парақшасында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров