Түркістан облысы

Сотталғандардан 128 дана тыйым салынған зат табылды

Экспресс К

Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/9 мекемесіндегі сотталғандардан 128 дана тыйым салынған заттар табылды.

Жекелеп айтқанда жазасын өтеушілерден 27 дана ұялы телефон, 42 қуаттағыш құрал, 23 дана құлаққап, 2 дана ұялы байланыс батарейкасы, 7 дана Wi-Fi роутер, 3 флешкарта, 5 дана mp3 және 19 дана қолдан жасалған әртүрлі пышақ пен кесіп түсіретін құралдар табылды, деп хабарлайды "Экспресс К"

Бұл іс-шараға сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді. Оған ҰҚК Түркістан облысының департаменті, Полиция департаменті, Прокуратура, Ұлттық ұлан 6698 әскери бөлімінің сарбаздары және Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері қатысты.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, тыйым салынған заттардың басым бөлігі сотталғандардың туыстарының көмегімен ішке енген. Қамауда отырған жақындарына жақсылық жасамақ ниетпен мекеменің сыртқы қоршауынан осындай рұқсат етілмеген заттарды лақтыру тыйылмай тұр, — дейді тәртіп сақшылары.

Себебі, былтыр осындай 5 дерек тіркеліп, заңды бұзған 6 азамат ұсталған. Түркістан облыстың қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері, туысын заңбұзушылыққа итермелеген сотталғандардың тәртіптік жазаға тартылатынын, сонымен бірге оларға сырттан тыйым салынған затты жеткізіп берген азаматтардың да жазасыз қалмайтынын ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров