Семей

Семейде ядролық медицина орталығы іске қосылды

Экспресс К

24.kz

Радиологиялық нысанды салу кезінде бірқатар техникалық талаптар бұзылып, даулы сот процестері өткен. Бірақ облыс басшылығы бұған дер кезінде араласып барлық олқылықтар жойылды. Нысан қазір кезең-кезеңмен пайдалануға беріліп жатыр.

Семейде ашылған ядролық медицина орталық елімізде әзірге жалғыз нысан. Оның ерекшелігі радиофармпрепарат негізінде онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Экспресс К"

24.kz. тілшісінің жазуынша аталған медицина орталық 3 кезеңмен қолданысқа берілмек. Алғашында радионуклидтік-диагностикалық бөлім ашылға. Бұл қауіпті індетті ерте бастан емдеуге мүмкіндік береді екен.

— Аппарат арқылы біз барлық органның жұмысын бақылау аламыз. Сондай-ақ енді пайда болған ісікті ерте бастан анықтауға мүмкіндік бар. Қаңқаның құрылымын зерттей аламыз. Нәтижесі өте жақсы. Оған әлден көзіміз жетіп отыр, — дейді радионуклидтік диагностика дәрігері Берік Кәрібаев.

Екінші кезең радионуклидтік терапия бөлімінің ашылуы. Оның нәтижесінде елде тұңғыш рет қалқанша безінің қатерлі ісігі емделетін болады. Ал үшінші кезең негізінде циклотрон мен екі бірдей позитронды-эмиссиялық томографтар іске қосылады.

Бұл біздің объектінің ең радиобелсенді бөлігі болып есептеледі. Қабырғаның қалыңдығы 2,5 метр болса, есіктері кәдімгі рельстер арқылы жабылып-ашылады. Бәрі қауіпсіздік үшін. Себебі радиологиялық сәуле өте белсенді болады, — деді циклотрон операторы Дәурен Әділбаев.

Ядролық медицина және онкология орталығының директорының айтуынша, мұндағы радиофармпрепараттардың барлығы ядролық физика институтынан шыққан отандық өнім.

Жобаның қуаты негізінде біз жылына 600 пациентті емдеп, тағы 6 мың адамға диагностикалық шаралар жүргізе аламыз. Мұндағы радиофармпрепараттардың барлығы ядролық физика институтынан шыққан, отандық өнім болып есептеледі, — деді ядролық медицина және онкология орталығының директоры Марат Сәндібаев.

Ядролық медицина орталығының ішіндегі құрылығының барлығы замануи талапқа сай жауап береді. Мамандар да іріктеліп тартылған. Тіпті басым көбі шет елдерде білімін жетілдіріпті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров