Қазақстан

COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 381907, ЖАЗЫЛҒАНДАР 348428, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 3903

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған COVID-19 жұқтырудың 1 мың 747 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады жұма күні коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір күн бұрын елде 1 мың 849 Сovid-19 оқиғасы анықталды, 23 адам қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19-дың барлығы 381 мың 907 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 246,

Алматы қаласында — 279,

Шымкент қаласында — 63,

Ақмола облысында — 127,

Ақтөбе облысында — 53,

Алматы облысында — 97,

Атырау облысында — 85,

Шығыс Қазақстан облысында — 95,

Жамбыл облысында — 17,

Батыс Қазақстан облысында — 95,

Қарағанды облысында — 324,

Қостанай облысында — 42,

Қызылорда облысында — 13,

Маңғыстау облысында — 42,

Павлодар облысында — 105,

Солтүстік Қазақстан облысында — 40,

Түркістан облысында — 24.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 348 мың 428 адам қалпына келді, оның ішінде соңғы тәулікте 2 мың 444 адам.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, пандемия басталғаннан бері ПТР-тестпен (КВИ+) расталған коронавирустық инфекциядан 3903 адам, оның ішінде соңғы тәулікте — 24 адам қайтыс болды.

Бұдан басқа, елде ПТР (КВИ -) расталмаған коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықтың 80 жаңа жағдайы анықталды, одан тағы екі адам қайтыс болды. Бір күн бұрын пневмониямен ауырудың 107 жағдайы тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмониямен сырқаттанушылықтың 55 мың 024 жағдайы тіркелді, КВИ — ден 3 мың 351 адам қайтыс болды.

28 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 30 мың 153 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 29 мың 576 оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 577 — теріс (КВИ-), стационарларда 11 мың 432 пациент, амбулаториялық емделуде — 18 мың 721 адам.

"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 665 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 154, ӨЖЖ аппаратында — 101", — деп көрсетіледі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров