Шекара

Қазақстан-Ресей шекарасында героиннің ірі партиясы тәркіленді (видео)

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Қырғыз азаматы гериннің ірі партиясын көліктің артқы дөңгелегіне жасырып алып өтпек болған.

Батыс Қазақстан облысы "Сырым" өткізу пунктінде шекарашылар героиннің аса ірі партиясы алып өтпек болған қырғыз азаматын ұстады. Оның қылмыстық әрекетін "Леди" атты иісшіл ит анықтап берген, деп хабарлайды "Экпресс К" ҰҚК баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сүйеніп.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Қырғыз азаматы тізгіндеген "Renault Magnum" жеңіл көлігінен жалпы салмағы 135 кг, 493 гр, 52 мг өзіне тән иісі бар, ақ-сұр түсті зат табылды. Бұл заттар автомобильдің артқы дөңгелектерінде пакеттерге салынып жасырылған.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Ұсталған және тәркіленген зат одан әрі процестік әрекеттер жүргізу үшін ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне берілді. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың салмағы 39 кг 341 гр, 77 мг героин және салмағы 96 кг 151 гр 75 мг гашиш екені анықталды.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Шекаралық өткізу пункттерінде тексеру жүргізу кезінде қызметтік иісшіл иттер таптырмайтын көмекші болып табылады. Өткен жылдың желтоқсан айында "Джек" атты қызметтік иттің көмегімен қазақстан-қырғыз шекарасында жалпы салмағы 60 кг, 370 гр героиннің ірі партиясы табылған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров