Қазақстан

Желіде «Боранның» түсірілген видеосы жарияланды

Экспресс К

instagram.com / burda.dobro

Санкт-Петербург граффити шеберлері қараусыз қалған тарихи мұраға тағы бір назар аударғылары келетіндерін көрсетті.

Аты аңызға айналған "Боран" ғарыш кемесіне небір сызбалар қалдырған Санкт-Петербург көшесінің суретшілері, ангардан түсірілген видео жариялады. Осылайша сенсациялық граффитидің авторлары тағы бір рет өз әрекетінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды "Экспресс К".

instagram.com / burda.dobroinstagram.com / burda.dobro
instagram.com / burda.dobro

Граффити жасар алдында "Боран" ғарыш кемесінің түсірілген видеосын суретшілер өздерінің Instagram парақшасында жариялады.

іздің мақсатымыз — ангарларда 30 жылдан бері қараусыз тұрған, бүгінде шіри бастаған ғарыш кемесіне көпшіліктің назарын аудару. Ақырын металға айналып барады, себебі әлдекімдер кәдесый үшін кеменің сыртқы қаптамасын жұлмалап жатыр, ішке енген адам тіпті кеменің терезелерін сындырған",- деп жазған DobroCrew командасы.

instagram.com / burda.dobroinstagram.com / burda.dobro
instagram.com / burda.dobro

26 мамырда DobroCrew командасының мүшелері кеңестік "Энергия-Боран" зымыран кемесінің макеттері орналасқан ангарға еркін кіріп, Санкт-Петербургтегі қабырғаларға салынған суреттер тәрізді бояған болатын.

instagram.com / burda.dobroinstagram.com / burda.dobro
instagram.com / burda.dobro

Соңыра Ресей тарапы "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы бірегей объектілерді сақтау мәселесін үкіметаралық қазақстан-ресей комиссиясының келесі отырысына көтеретінін мәлімдеді.

instagram.com / burda.dobroinstagram.com / burda.dobro
instagram.com / burda.dobro

Бұған дейін Роскосмостың басшысы Дмитрий Рогозин кеңестік "Боран" зымыран ұшағы Қазақстандағы жеке меншік иесіне тиесілі екенін, алайда осы бірегей нысанды сатып алу мәселесін қаузаған болатын. Кейінірек кеме жеке тұлғаға жатпайтындығы, ол "Байқоңыр" ғарыш зымыран кешенінің құрамында екендігі анықталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров