Тау шатқалдарында жоғалғандардың толық тізімі жарияланды

Экспресс К

ТЖД

Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткендер студенттердің аты-жөндері белгілі болды, деп хабарлайды «Экспресс К».

Tengrinews.kz сайтының жазуынша жоғалған студенттердің таныстары іздестіру жұмыстарына еріктілерді шақыруда.

Іздестіру жұмыстары үшін еріктілер қажет. Егер Шымкентте тұратындар және көмектесуге дайын болса, 87074426076 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймын.

деді жоғалған студенттердің таныстары.

Сондай-ақ, ол студенттердің есімін жариялады:

• Әлімжан Хайруллин Ақтөбеден;

• Бағдат Төлеу Ақтөбеден;

• Нұрдәулет Наурызбай Атыраудан;

• Диас Төлегенов Оралдан;

• Саят Өскенов Жезқазғаннан;

• Абылай Тоқтасын Кентаудан;

• Қуаныш Тоқтасын Кентаудан.

Айта кетейік, 21 мамыр күні сағат 08-00 шамасында құрамында 7 адам бар бір топ тауға туристік жорыққа шыққан. Олардың алтауы Назарбаев Университетінің студенті болса, біреуі Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі. Жастар 5 асуға бармақ болғаны туралы ақпарат бар. Үш күннен бері жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары нәтиже бермей отыр. Кешегі күні туристерді іздеуге тікұшақ жұмылдырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров