Астана

Көпірден секірген қызды құтқарып қалды

Экспресс К

ТЖД

Оқиға Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақбұлақ өзенінде болған. Сол маңайда жүрген адамдар 2001 жылғы қыз баланың көпірден суға секіріп кеткенін көрген. Олар, бірден сол маңайдағы адамдардан жәрдем сұраған.

Көмек сұрағандардың дауысын естіп қалған Асылбек Нұржанов ойланбастан өзенге қойып кетіп, қызды судан аман алып шыққан, -деп хабарлайды "Экспресс К".

Ол кезде қыз ес-түссіз жатқан болатын. Оқиғаның өзге куәгерлері маған жағаға шығуға көмектесті. Олар қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті

дейді батыр жігіт.

Асылбек сол маңайдағы жоғарғы оқу орнының бірінде қауіпсіздік қызметкері болып істейді. Оқиға болған сәтте ол жұмыс орнында болған.

Жақында еліміздің Төтенше Жағдайлар министрі Юрий Илин батыр жігітті арнайы медальмен марапаттады. Кеудесіне "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалін тағып тұрып.

ТЖДТЖД
ТЖД

Адам өмірін құтқарудағы ерлігіңіз бен жанқиярлығыңыз үшін сізге алғыс білдіремін.

деді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров