Әлем

«Оскар» сыйлығын тапсыру күні кейінге қалдырылды

Экспресс К

© AP

Америка киноакадемиясының «Оскар» жүлдесін тапсыру рәсімі 2022 жылдың 27 наурызына ауыстырылды, - деп хабарлайды "Экспресс К".

94-ші рет өткелі тұрған Оскар сыйлығы 2022 жылдың 27 наурызы, жексенбіге ауыстырылды.

делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.

Бұған дейін рәсім 2022 жылдың 27 ақпанында өтеді деп күтілген болатын. Осы ретте ұйымдастырушылар салтанатты шараны өткізу күні қайта ауыстырылуы мүмкін екенін де айтып жатыр.

Сыйлықтың қысқа тізімі биылғы 21 желтоқсанда жарияланады, үміткерлер келесі жылдың 8 ақпанында белгілі болады.

Биыл сыйлықты тапсыру рәсімі пандемияға байланысты 28 ақпаннан 25 сәуірге ауыстырылған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров