Түркістан облысында жоғалған туристер әлі табылмады (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Өткен тәулікте іздестіру топтары 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралаған. Екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста ұшу жүргізілген, деп хабарлайды «Экспресс К».

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінің 25 құтқарушысы, 2 квадракоптері және 7 техникасы жұмылдырылған. Сондай-ақ, полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 техникасы, ҰҚК Шекара қызметінің 3 ат патрулі, ұлттық парктің 10 қызметкері мен жоғалғандардың туыстары іздестіруге атсалысуда.

Айта кетейік, 21 мамыр күні сағат 08-00 шамасында құрамында 7 адам бар бір топ турист "Сары-Айғыр" шатқалын жаяу бет алған. Олардың алтауы Назарбаев Университетінің студенті болса, біреуі Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі. Жастар 5-ші асуға бармақ болғаны туралы ақпарат бар.

Туристердің жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 2021 жылғы 25 мамырда сағат 18:30-да келіп түскен.

Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров