Рұқсаты жоқ құрылыс компанияларының аты аталды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Нұр-Сұлтанда үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды. Қолданыстағы заңнаманы аттап өтіп жасалған мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты, төменде көрсетілген тұрғын үй кешендеріне жарамсыз болып саналады.

Бұл туралы "Экспресс К" елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардың өз ақшасына сақ болуын және рұқсат құжаты болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертіп отыр.

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Туындаған сұрақтар бойынша "Нұр-Сұлтан Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына", яғни Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 8 мекенжайына жүгінуге болады. Ақпаратты телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) — 55-04-28, 55-04-30.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров