Қазақстан

Президенттік жастар кадр резервінің талаптары өзгерді

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жақында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің екінші кезеңі басталмақ. Бұл туралы мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында жариялады. Көмекшінің айтуынша іріктеу талаптарына алдыңғыға қарағанда төмендегідей біраз өзгерістер енген.

Атап айтсақ, Резервке екінші іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі бар және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмайтын жастар қатыса алады. Сонымен қатар жаңа талапқа сәйкес үміткерлердің мемлекеттік тілді орташадан (В1) төмен емес деңгейде меңгергені туралы арнайы сертификаты болуы шарт. Бұл өзгерістер бүгін қол қойылған.

"Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" жарлығында көрсетіліп отыр.

Қариннің айтуынша, үміткерлерді іріктеу төмендегідей арнайы ақпараттық жүйе арқылы бірнеше кезеңде жүргізіледі:

1. Құжаттарды қабылдау (онлайн);

2. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (онлайн);

3. Ситуациялық тапсырмаларды шешу (онлайн);

4.Құзыреттерді бағалау (офлайн);

5. Сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу (онлайн);

6. Ұлттық комиссияның отырысында қарау (алдын ала онлайн).

Үміткерлер резервке қабылдау мерзімі 3 жыл. Сондай-ақ ол, "Бүгінгі таңда Президенттік жастар кадр резервінің алғашқы легінен шыққан 179 жас маман мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компанияларда қызметке тағайындалғанын.Осылайша, Президенттік Жастар кадрлық резерві өзінің басты міндеті — жас мамандар үшін тиімді әлеуметтік лифт құру міндеті іске асуда", екенін жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров