Түркістан облысы

Түркістан облысында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды (видео)

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың қал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда, деп хабарлайды «Экспресс К». Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Ал, қалған 4 адам қайда деген сұраққа келсек, олар екі топқа бөлінген, — дейді Талғат Уәли. Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалған жігіттердің туыстарына көмек көрсетуде.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, сондай-ақ Қазавиақұтқарудың екі тікұшағы жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 2021 жылғы 25 мамырда сағат 18:30-да келіп түсті. 21 мамырда туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған болатын. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров