Көне түркі тіліне аударылған алғашқы Құран кітабы жеткізілді


Құранның көне нұсқасы Түркістанда тұратын болады, деп хабарлайды «Экспресс К».
Бүгін Түркістанда халықаралық конференция өтіп жатыр. "Түркістан — түркі әлемінің рухани астанасы" атты жиында Х ғасырда болған Қарахан мемлекеті дәуіріндегі көне түркі тіліне аударылған алғашқы Құран кітабының тұсауы кесілді. Халықаралық Түркі академиясы толық факсимиле нұсқасында басып шығарған бұл — Құран аудармасының ең көне нұсқасы болып табылады.
Басқосуға арнайы жеткізілген қолжазбаның нұсқасы Қожа-Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасына табысталды.
Ал, құран қолжазбасының түпнұсқасы Ыстамбұл қаласындағы Түрік және Ислам өнері музейінде сақтаулы тұр.