Түркістан облысы

«Қару» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысының тәртіп сақшылары 8 тәулік ішінде тұрғындардан 36 дана қару қабылдады деп хабарлайды «Экспресс К».

Оның 25-і аңшы қару, 2-еуі тапанша, 2-еуі травматикалық тапанша, 4-еуі шолақ мылтық және 2 газды тапанша, тағы 1-уі қолдан жасалған тапанша.

Түркістан облысында өтіп жатқан "Қару 2021" жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы 8 тәулігінде жалпы 36 қару алынды. Сондай-ақ 3710 қару иелері тексеріліп, 242 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның арасында заңсыз қару сақтау бойынша 20 хаттама, қарудың сақтау ережелерін бұзу бойынша 195 хаттама, қаруды тіркеу және қайта тіркеу тәртібін бұзу бойынша 47 хаттама толтырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров