Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады

Экспресс К

© ЭК

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин тұрғын үй нарығындағы жағдайды түсіндіріп берді. Айтуынша биыл баспана бағасының көтерілуіне құрылыс материалдарының да қымбаттауы әсер етіп отыр. Бұл туралы ол тұрғын үй құрылысы нарығындағы бәсекелестік тақырыбында өткен Open Space барысында мәлім етті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Тұрғын үйлердің бағасы тұрақты емес. Баспананың қымбаттауы, яғни құбылмалылық байқалады. Мысалға осы жылдың қаңтар-сәуір аралығында жаңа салынған тұрғын үй бағасы 5,5%-ға өсті. Ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, былтыр 1,5% ғана өскен.

дейді Серік Жұманғарин.

Ол сөзін жалғай отырып, қолданысқа берілген баспаналардың бағасы күрт қымбаттағанын айрықша атап өтті.

Қолданысқа берілген баспаналардың бағасы биыл күрт көтеріліп, 12,3 пайызға қымбаттады. Ал былтыр осы аралықта 2,2 пайызға ғана қымбаттаған болатын.

деді агенттік төрағасы.

Серік Жұманғарин сөз арасында биылғы қаңтар-сәуір айларында сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе артқанын жеткізді. Биыл жыл басынан бері 175 040 сатып алу-сату мәмілесі жасалыпты.

Open Space барысында баспана бағасының көтерілуіне құрылыс материалдарының қымбаттауы да әсер еткені айтылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров