Отандық кинотуынды халықаралық жүлде алды

Экспресс К

instagram.com / qazaq_fest

Қазақстандық режиссёр Елена Лисасина түсірген қысқа метражды фильмі Испания астанасы Мадридте өткен халықаралық "Short of the year" фестивальінің арнайы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Картина "Батыр" деп аталады. Оған, бұл байқауда қазылар алқасының арнайы жүлдесі бұйырды.

Фильмде ауыр науқасқа ұшыраған ұлы үшін қиын шешім қабылдауға мәжбүр болған, сол арқылы өзін әйел ретінде жоғалтып алған, Дина есімді жесір келіншектің өмірі суреттеледі.

Аталмыш туынды бұған дейін де Лондонда өткен X4 — маусымдық қысқаметражды фильмдер фестивалінде үздік қысқаметражды фильм және үздік актриса номинацияларыниеленген болатын.

Басты рольдерді Жанель Серғазина, Қуандық Қыстықбаев, Шыңғыс Капин, Рауан Романи, Дулыға Ақмолда және Айбар Таңғыт сомдаған. Сценарий авторлары: Елена Стерн, Лаура Сапа және Елена Лисасина. Жобаның продюсері — Лаура Сапа.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров