Ешқандай ұстаз вакцина алмағаны үшін жұмыстан шығарылмайды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін еліміздің Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұрттың көкейінде жүрген түйткілді сауалдарға жауап берді. Соның бірі: -алдағы жаңа оқу жылында мектептер дәстүрлі оқу форматына көше ме?

Осы және басқа да мәселелерге бүгін Асхат Аймағамбетов жеке тоқталып, білім саласындағы кем-кетіктер мен атқарылып жатқан істер туралы айтып берді, деп хабарлайды "Экспресс К"

Бас педагог: "Бұл мәселе тұрғындардың дер кезінде вакцина алуына, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Егер оған дейін халықтың басым бөлігі індетке қарсы вакцина қабылдап, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, алдағы қыркүйекте білім беру ұйымдарымыз, ең алдымен мектептеріміз ашылады", — деді.

Сондай-ақ, министр елімізде жүргізіліп жатқан вакцина алу қарқыны мемемлекет қабылдап жатқан эпидемияға қарсы іс-шараларға қарап, дәстүрлі форматқа ораламыз деген үміт барын айтып қалды.

Вакцина алмаған ұстаздар жұмыстан шығарылады немесе жалақысы 50 пайызға дейін қысқарады екен, деген қауесеттің негізсіз жалған ақпарат екенін де атап өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров