Семей

Маса келіп, маза кетті

Экспресс К

instagram.com / zello_semey016

Семейліктер бастан-аяқ масаға таланып жатыр. Қала тұрғындарының құтын қашырған қансорғыштар биыл тіптен өршіп барады, деп жазады «Экспресс К».

Бұл жиналған топ шахардағы Шығыс кентінің тұрғындары. Олар масаның көптігінен далаға шығу мүмкін емес деп шағымдануда. Қанатты жәндіктің қадалған инесінен үрейленіп, кешқұрым аулада бала ойнатып, бақша суарудан қалыпты. Жуық арада жергілікті биліктен жәрдем болмаса, жағдай не болары белгісіз дейді.

instagram.com / zello_semey016instagram.com / zello_semey016
instagram.com / zello_semey016

Дүйсен Мырзаханов, қала тұрғыны:

— Кішкентай балалар, кешке жақын далаға шыға алмайды. Бәр балаларды талап, аяқтары қотыр-қотыр боп кетті. Соған дезинфекция істеуін сұраймыз, біздің жаққа келіп. Тағы да огородтарымыз бар.Огородка кешке жақын шыға алмаймыз.

Қансорғыштар қаланың шеткі аудандарынан бөлек, орталығында басып алған. Әсіресе, көпшілік демалатын Ертіс жағалауында емін-еркін ызыңдап жүр. Қос қанатты зиянкестер, тек кешқұрым уақытта ғана емес, күндіз де сайрандайтын көрінеді.

Сәуле Серғазина, қала тұрғыны:

— Бір апта болды. Маса деген, жеп бітірді. Жастарға обал демалған. Кешкілікте келеді ғой. Кешкілікте маса деген тіпті көп болады. Соларға, осы набережныйды қарайтын иесіне бірдеңе істеу керек. Обал ғой халыққа.

instagram.com / zello_semey016instagram.com / zello_semey016
instagram.com / zello_semey016

Әлеуметтік желіде зиянкестер кесірінен зардап шеккен қала тұрғындарының суреттері жарияланған. Әсіресе, далаға шыққан ойын баласының қызыл бөртпеден сау тамтығы қалмапты. Ал жергілікті билік болса, белгілі бір аймаққа ғана дезинфекция жасайтындығын алға тартады. Тұрғындар шағымданған ықшамаудандарда маса мәселесіне біздің қатысымыз жоқ дейді.

Азамат Көмеков, Семей қаласы ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

— Тұрғындардың өздері үйлерінің жертөлелерін өңдемейді. Масалар көбінесе қараңғы және ылғалды жерлерде пайда болады. Сондықтан ПИК уақында өз үйлерімен жұмыс жасағанда, тіпті көбі жеке сектор тұрғындары мұндай келеңсіздік болмас еді. Бұл жағдайдан бірге шығар едік. Біздің бюджеттен бөлінген ақша белгілі бір аумақты залалсыздандыруға қарастырылған.

Маса көбіне су қоймаларын мекен етеді. Осыған байланысты қалалық әкімшілік маса мен шіркейлерді жою үшін тиісті су алқаптарында ғана дезинфекция жасауда. Ал тұрғындар болса, қала билігінен қосымша көмек болады деген үмітте.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров